Кәсіпорынның негізгі мақсаты – республикадағы ғылым мен білімнің дамуына қолайлы жағдай жасау, ұлттық ғылыми әлеуетті біріктіру, сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени және ғылыми мұрасын сақтау, жан-жақты зерттеу және кеңінен таныту.
Негізгі мақсат
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – республикадағы ғылым мен білімнің дамуына қолайлы жағдай жасау, ұлттық ғылыми әлеуетті біріктіру, сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени және ғылыми мұрасын сақтау, жан-жақты зерттеу және кеңінен таныту.
ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеп, оларды тиімді іске асыру
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін тәжірибеде және өндірісте қолдану
ғылыми және ақпараттық басылымдар мен құжаттар қорын қалыптастыру және оны ұлттық ғылыми-мәдени мұра ретінде сақтау
музейлерді дамыту және олардың ғылыми-зерттеу қызметін қолдау
ғылым мен білім саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру
«Ғылым ордасы» — тарихи мұра мен заманауи ғылым жетістіктері үйлесім тапқан бірегей ғылыми-мәдени орталық. Мұнда ел ғылымының шежіресі, құнды архивтік құжаттар және бай музей қорлары аса ұқыптылықпен сақталады. Орталық ғылыми зерттеулердің дамуына белсенді ықпал етіп, қолайлы ғылыми орта қалыптастырады және қоғамда ғылымды кеңінен насихаттауға зор үлес қосып келеді.
Орталық ғылыми кітапхана
Ғылыми архив
Музейлер кешені
Реставрациялау және консервациялау орталығы
Ғылыми кадрларды даярлау орталығы (магистратура және PhD)
Орталық ғылыми кітапхана – Ғылым ордасының жетекші құрылымдық бөлімшесі. Кітапхана қоры 5,8 миллионнан астам бірегей ғылыми әдебиетті қамтиды және Қазақстандағы әлемдік әрі ұлттық ғылым бойынша толық әрі қайталанбас ғылыми қор сақталған бірегей ұлттық ғылыми орталық болып табылады. Кітапхана ғылыми-зерттеу мекемелерін жоғары сапалы ғылыми ақпаратпен қамтамасыз ететін корпоративтік ғылыми-ақпараттық орталық ретінде маңызды рөл атқарады.
Кітапхана қорында ерекше құндылыққа ие сирек жәдігерлер мен бағалы құжаттар жинақталған. Бұл қорлар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени және ғылыми мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың қатарында XII ғасырдан XX ғасырдың бірінші жартысына дейінгі шығыс және еуропалық сирек басылымдар, қазақ тіліндегі XIX–XX ғасырлар әдебиеті, қолжазбалар мен фольклорлық материалдар, ұлттық әдебиеттің бірегей үлгілері, көркемдік және полиграфиялық жағынан ерекше кітаптар, сондай-ақ авторлық белгі қойылған материалдар мен фотодеректер бар. Сирек кітаптар мен ұлттық әдебиет қоры шамамен 150 мың сақтау бірлігін құрайды.
Кітапхана «Қазақстан және әлемдік қауымдастық», «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы», «Ұлы тұлғалар», «Кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері» атты библиографиялық серияларға интеллектуалдық меншік сертификаттарына ие болып, ғылыми қауымдастыққа арналған маңызды ақпараттық және библиографиялық ресурстар қалыптастырады.
1951 жылдан бері Орталық ғылыми кітапхана әлемнің 52 еліндегі 325 ғылыми мекемемен халықаралық кітап алмасуды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл бағыт Қазақстанның ғылым, білім және мәдениет салаларының халықаралық ынтымақтастығына және әлемдік ғылыми кеңістікпен интеграциялануына елеулі үлес қосады.
Ғылыми архив – еліміздің ғылым тарихын сақтау және зерттеу ісінде маңызды рөл атқаратын орталық. Архивте түрлі кезеңдерден сақталған тарихи құжаттар, ғылым мен мәдениет саласының көрнекті қайраткерлерінің жеке істері, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және оның ғылыми мекемелерінің ғылыми әрі ұйымдастырушылық қызметіне қатысты материалдар жинақталған. Бұл құжаттардың хронологиясы 1927 және 1932–1946 жылдардан басталып, отандық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихы туралы құнды мәліметтерді қамтиды.
Архив қоры 146 архивтік қорда жүйеленген 123 790 бірегей құжаттан тұрады. Олардың құрылымында 55 жеке тұлғалардың қоры, 91 ұйымдық қор, сондай-ақ 1 фотоқор бар.
Көшірмесі жоқ, бірегей данамен сақталған сирек құжаттарды қорғау – мемлекет үшін аса маңызды міндет. Мұрағатта жинақталған бұл материалдар Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен даму тарихына қатысты құнды деректер ұсынып, ұлттық ғылыми мұрамыздың баға жетпес бөлігін құрайды.
Ғылым ордасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – музей ісін дамыту, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерделеу және кеңінен насихаттау.
Ғылым ордасы музейлері Қазақстан музейтану жүйесінде айрықша орын алады. Мұндағы қорларда сақталған бірегей экспонаттар мен артефактілер – басқа ешбір музейде кездеспейтін түпнұсқа жәдігерлер. Оларда халқымыздың бай ғылыми және мәдени мұрасы, көне дәуірлерден жеткен құндылықтар, сондай-ақ ғылыми тұрғыдан маңызды тарихи артефактілер жинақталған.
жануарлар мен өсімдіктердің қазба қалдықтары, динозаврлар мен тарбозаврлардың қаңқалары және ежелгі фауна үлгілері ұсынылған Қазақстандағы жалғыз табиғи-тарихи музей.
тас дәуірінен ортағасырларға дейінгі бірегей артефактілерді қамтиды. Экспозицияда «Алтын адам» және Берел жылқысы секілді теңдесі жоқ жәдігерлердің көшірмелері бар.
еліміздің ғылым тарихын көрсететін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап отырған бірегей көп салалы ғылыми-мәдени мекеме.
«Ғылым ордасы» құрылымында сирек кітаптарды, қолжазбаларды және архив материалдарын реставрациялау және консервациялау орталығы құрылған. Бұл — Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы толық циклмен жұмыс істейтін, елдегі ең толыққанды әрі ірі орталық.
«Ғылым ордасы» құрылымында сирек кітаптарды, қолжазбаларды және архив материалдарын реставрациялау және консервациялау орталығы құрылған. Бұл — Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы толық циклмен жұмыс істейтін, елдегі ең толыққанды әрі ірі орталық.
Әр аймақ реставрация мен консервация жұмыстарын жоғары деңгейде жүзеге асыруға арналған, Германия, Италия, Ресей, Қытай және Жапониядан әкелінген 64 түрлі заманауи жабдықпен қамтамасыз етілген.
Орталықтың басты міндеті – тозған, көне және зақымданған қолжазбаларды, сирек кітаптар мен архив материалдарын қалпына келтіру және сақтау.
Орталықтың қызметі сирек құжаттарды сапалы қалпына келтіріп, Орталық ғылыми кітапхана мен ғылыми архив қорларын цифрландыру үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл – бірегей материалдарға кең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Орталық 5 негізгі аймақтан тұрады:
химиялық зертхана
реставрациялық аймақ
түптеу және карантин аймағы
ғылыми-зерттеу аймағы
фотоаймақ
2014 жылдың қыркүйегінен бастап ғылым мен білім интеграциясы аясында және ғылыми-педагогикалық жоғары білікті кадрларды мемлекеттік білім гранты бойынша даярлау мақсатында «Ғылым ордасы» РМК құрылымында магистратура мен PhD докторантурасы бойынша ғылыми кадрларды даярлау орталығы құрылды. Орталық ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің ғылыми-зерттеу институттарымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе жұмыс істейді.
2014–2025 жылдар аралығында PhD докторантура бойынша 342 докторант, ал магистратура бойынша 432 магистрант оқуын аяқтады. Қазіргі таңда 143 докторант және 7 магистрант білім алуда.
Түлектердің басым бөлігі ғылыми-зерттеу институттарында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жұмысын жалғастыруда.