Ғылым ордасы
Реставрация және консервация орталығы

ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Реставрация және консервация орталығы (бқдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитеті «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталықтың ресми ашылу салтанаты 2023 жылдың 10 ақпанында болды.

Реставрация және консервация орталығының құрылымы негізгі 5 бөлімнен тұрады: карантин бөлімі, фото бөлімі, ғылыми зерттеу бөлімі, парақтық реставрация бөлімі және түптеу шеберханасы. Қазіргі таңда Орталық 64 заманауи құрал-жабдықпен қамтылған еліміздегі ең ірі және толыққанды реставрация лабораторияларының бірі ретінде есептеледі.

Орталықтың негізгі мақсаты - кітапханалық және архив қорларында сақталған құнды басылымдар мен қолжазбалардың физикалық және химиялық тозуын болдырмау, сондай-ақ зақымданған немесе ескірген нысандарды қалпына келтіру арқылы олардың өміршеңдігін ұзарту.


ҚҰРЫЛЫМЫ
ЖОБАЛАР

1. BR28712621 – «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу»


Жоба мақсаты: Қазақстанның шығыс тілдеріндегі қолжазба мұрасының (шағатай, араб, парсы, қытай, маньчжур, Тибет, ескі қазақ, төте жазу) бірыңғай ұлттық тізілімі мен электрондық базасын құру – тарихи қолжазбалар мен сирек кездесетін, оларды жүйелеу және ғылыми каталогтау, кешенді кодикологиялық зерттеулер жүргізу, ғылыми айналымға аса құнды және сирек қолжазбаларын кезең-кезеңімен енгізу.

2. AP26101473 – «Мәмлүк-қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі түркілердің жылқыға қатысты мәдениеті» («Байтар-наме» мысалында)»


Жоба мақсаты – XIV-XV ғғ. мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған жылқы мәдениетіне қатысты әдебиеттерді, соның ішінде «Байтар-наме» қолжазбасын кешенді түрде зерттеу. Жазба мұралардың негізінде қыпшақ атбегілік өнерін, оны таратушы, насихаттаушы ірі тұлғаларды анықтап өмірі мен қызметін зерделеп, жылқы мәдениетінің таралуындағы түркі тайпаларының рөлін пайымдау. Жылқы мәдениетіне қатысты тың деректерді анықтап, араб әдебиетіндегі түркілер ықпалымен жазылған жазба ескерткіштерге шолу жасау.

Галерея

Раздел не найден.

Жаңалықтар
Новости Центр рестовраций

Новости Центр рестовраций