Реставрация және консервация орталығы (бқдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитеті «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталықтың ресми ашылу салтанаты 2023 жылдың 10 ақпанында болды.
Реставрация және консервация орталығының құрылымы негізгі 5 бөлімнен тұрады: карантин бөлімі, фото бөлімі, ғылыми зерттеу бөлімі, парақтық реставрация бөлімі және түптеу шеберханасы. Қазіргі таңда Орталық 64 заманауи құрал-жабдықпен қамтылған еліміздегі ең ірі және толыққанды реставрация лабораторияларының бірі ретінде есептеледі.