Ғылым ордасы
Музейлер

2024 жылдың 15 сәуір күні

Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті, мемлекет және қоғам қайраткері, геолог ғалым, металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы JOO high school инновациялық мектебінде жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеге музей қорындағы Қ. Сәтбаев пен оның қызметтестерінің жеке заттары, құжаттары қойылды. Сонымен қатар, білім алушылар арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан ғылымының тарихы музейі жайлы дәріс оқылды.

Возврат к списку