2024 жылдың 8 ақпанында музей қызметкерлері №174 мектеп-гимназиясында «Музей мектепте» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында 8-9-сынып оқушыларына Қазақстандағы ғылым саласының қалыптасуы және дамуы жайында дәріс оқылып, білім алушылардың назарына музей қорындағы бірегей экспонаттар мен ғылыми еңбектерден жылжымалы көрме ұсынылды.

