2025 жылдың 11 сәуірінде
ҚР Президенті қарамағындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған салтанатты іс-шара аясында Қазақстан ғылымының тарихы музейі арнайы көрме ұсынды. Көрме барысында көпшілік назарына музей қорындағы ғылым саласында өзіндік орыны бар академик, ғалымдардың жеке заттары мен ғылыми еңбектері ұсынылды. Көрме қонақтары арасында 2002-2003 жылдары ҚР ҰҒА президенті қызметін атқарған академик, геолог С.Ж. Дәукеев, профессор В.Н. Локшин, онколог ғалым Д. Қайдар, блогер И. Червинский және т.б. болды.