Ғылым ордасы
Музейлер

2025 жылдың 20 маусымында

Қазақстан ғылымының тарихы музейі М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып, «Қаныш Сәтбаев және қазақ руханияты» ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – ҚазақКСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, мемлекет және қоғам қайраткері, геолог ғалым, еліміздегі металлогения мектебінің негізін қалаушы, отандық ғылым саласының қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың рухына тағзым ету, ғылыми мұрасын сақтау және насихаттау. Іс-шара аясында Қазақстан ғылымының тарихы музейі қорындағы экспонаттардан Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған көрме қойылды.

Возврат к списку