Қазақстан ғылымының тарихы музейі «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып, Республика күні мен Кітапханашылар күніне орай, «Республика күні – Мәңгілік ел мұраты» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге «ҚазақКСР мемлекеттік тәуелсіздігі жайлы» декларация құжатын дайындауға ат салысқан заңгерлер мен ғалымдардың құжаттары, фотосуреттері және т.б. экспонаттар қойылды. Көрменің мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына әсер еткен, 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Декларацияның тарихи құндылығын көрсету, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық сананың, ғылымға қызығушылықты арттыру.