Ғылым ордасы
Музейлер

2025 жылдың 26 сәуірінде

Қазақстан ғылымының тарихы музейі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып «Қ. Сәтбаев және қазақ руханияты» атты ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – ҚазақКСР Ғылым академиясының бірінші президенті, мемлекет және қоғам қайраткері, геолог ғалым, металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақ ғылымының қалыптасуына үлкен үлес қосқан Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мұрасын ұлықтау, зерттеу, сақтау, ғылым мен мәдениетті насихаттау. Конференция аясында академик Қ.И. Сәтбаевтың бес томдық академиялық толық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Сонымен қатар, музей қорындағы экспонаттардан К. Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған көрме қойылды.




Возврат к списку