Қазақстан ғылымының тарихы музейінің қызметкерлері Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай «Соғыс ардагерлері – ғылым сардарлары» атты онлайн көрме ұйымдастырды. Көрменің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ғылым мен батылдықты қатар ұштастырғанбатыр тұлғалардың өмірлік жолы мен қызметін насихаттау, соғыс жылдары майдан шебінде күрескен, ал бейбіт күнде ғылымның дамуына үлес қосқан ардагер ғалымдардың рухына тағзым ету. Көрмеге музей қорындағы С. Баишев, А. Нүсіпбеков, А. Абдулин, Ә. Қайдар сынды ардагер ғалымдардың жеке заттары мен ғылыми еңбектері, фотосуреттері және т.б. қойылды.