Қазақстан ғылымының тарихы музейі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» 2010 жылдың 11 ақпанындағы №84 қаулысының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ғылым музейін» құру туралы» 2010 жылдың 1 маусымындағы №35 бұйрығының негізінде құрылды. Бұл музей – Қазақстан ғылымының тарихы жайлы сыр шертетін, біздің мемлекетіміздің көп жылдық ғылым тарихын зерттеу және таныту мақсатында құрылған тұңғыш мекеме.
Музейдің негізгі мақсаты – Қазақстан ғылымының пайда болғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі жай-күйін сипаттайтын және отандық ғылым және мәдениет салаларының қайраткерлері, олардың ғылыми, мемлекеттік, қоғамдық және мәдени қызметін сипаттайтын заттай, жазба, қолжазба, бейнелеу, кино, фото, фонодеректерді жинақтау, сақтау, зерттеу және көпшілікке ұсыну.
Музей негізгі 4 бағыт бойынша қызмет етеді:
1. Ғылыми-зерттеу жұмысы;
2. Ғылыми-экспозиция және көрме жұмысы;
3. Ғылыми-қор жұмысы;
4. Мәдени-білім беру және ғылыми-әдістемелік жұмыс.
Қазақстан ғылымының тарихы музейі орта және кәсіби білім беру орындарының оқушылары, студенттер, ғылыми қызметкерлер, жалпы Қазақстан ғылымының даму тарихына қызығушылық танытатын келушілер үшін экскурсиялар жүргізеді. Қорда жинақталған материалдар негізінде ғылыми-зерттеу институттарымен, мектеп, кітапхана, музей және басқа да ұйымдармен бірлесіп, музейде және музейден тыс әртүрлі тақырыптық, мерейтойлық және ғылыми-көпшілік көрмелер ұйымдастырады. Ғылым саласы өкілдерімен кездесулер, ғылыми конференция, семинар, дәріс өткізу және т.б. іс-шараларды өткізеді.
|
«Ғылым ордасы» РМК Қазақстан ғылымының тарихы музейі |
|||
|
Дуйсембаева Назира Бакировна |
Музей меңгерушісі |
9 пав., 5 қабат |
|