Ғылым ордасы
Музейлер

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға музей үлесі

Музейде 2011–2025 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» патриоттық бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл сайын «Қазақстан жәндіктерінің таңғажайып әлемі» мен «Қазақстанның жануарлар әлемі» атты және тағы басқада туған елдің табиғатына байланысты тақырыпта балалар сурет байқаулары ұйымдастырылып келеді. Бұл байқаулар жас ұрпақтың туған жердің табиғаты мен қоршаған ортасын танып-білуіне және экологиялық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Мұндай шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға және олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Байқаулардың басты мақсаты — жас ұрпаққа табиғат пен экология туралы білім беру арқылы олардың еліміздегі биоәртүрлілікті қорғауға деген қызығушылықтарын ояту. Іс-шара қорытындысы бойынша жұмыстар авторларына, сондай-ақ мұғалімдер мен изостудия жетекшілеріне шығармашылықтары мен еңбектері үшін дипломдар, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай марапаттар қатысушыларды ынталандырып, табиғатты қорғау мен экологияны насихаттауға бағытталған болашақ жобаларға қатысуға, әрі қарай дамуға шабыт береді.



Возврат к списку