Музейде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірнеше дәріс өткізілді,
олардың тақырыптары:
-
«Палеозоология және биоалуандылық»
-
«Қазақ жерінің ежелгі жануарлары»
-
«Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлары»
-
«Қазақстандағы жәндіктердің биоалуантүрлілігі»
-
«Жәндіктер — жердегі бунақденелілер»
-
«Жануарлар дүниесінде және адамның шаруашылығында омыртқасыздардың
рөлі»
Бұл дәрістерді Табиғат музейінің меңгерушісі, ғалым Гульжан Шайзатқызы
Назымбетова оқыды. Студенттер дәріс барысында палеозоология мен биоалуандылық туралы теориялық
мәліметтермен
танысып, музейдің бірегей экспозициялық материалдарын зерттеп, танысты.
Дәріс студенттер үшін ерекше тәжірибе болды, себебі олар табиғаттың түрлі
кезеңдеріндегі өмірді зерттеу арқылы экология және биология пәндері бойынша білімдерін
тереңдетті. Сонымен
қатар, бұл дәрістер студенттердің болашақ кәсіби қызметінде қажетті экологиялық және биологиялық
тақырыптар
бойынша құнды білім мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті. Музейдің мұндай іс-шаралары
студенттердің
теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға көмектеседі.
2023 жылы Табиғат музейінде музей меңгерушісі Назымбетова Гульжан Шайзатқызының жетекшілігімен
және ғылыми
қызметкерелер Дүниежүзілік жабайы табиғатты, сирек және жойылу алдындағы флора мен фаунаны
қорғаудың
маңыздылығын насихаттау мақсатында «Жабайы табиғатты қорғау мақсатындағы ынтымақтастық»
тақырыбында оқу-семинар
ұйымдастырылып өткізілді. Семинар жұмысына «Ғылым ордасы» музей қызметкерлері, Қ. Жұбанов
атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы Махамбетов М.Ж., ҚР ҒЖБМ ҒК Зоология институтының
ғылыми
қызметкерлері Абдикеримов Ж.Д., Балатаев А.О., Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің
Агробиология
факультетінің оқытушылары Абубакиров Н.П., Сәйкенов Б.Р., Муратова А., Шибекеева А.М., Жолдасбек
Г., Куандыкова
Э.М., Сагидолдина Ж.Е., Муташева Г.С., сондай-ақ экология мамандығы бойынша білім алып жүрген 3
курс студенттері
және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми биология мамандығы бойынша
білім алып
жүрген 3 курс студенттері қатысты.
«Жабайы табиғатты қорғау мақсатындағы ынтымақтастық» оқу семинар сәттері
2021 жылдың 26–27 тамыз күндері Алматы қаласында Табиғат музейінің 60 жылдық мерейтойына орай,
«Қазақстан
жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі: геологиялық өткен дәуірлер мен қазіргі кезең» тақырыбында
халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның және шетелдің ғылыми
қоғамдастығының өкілдері,
экологтар, зоологтар, палеонтологтар мен университет ғалымдары қатысты.
Конференцияның басты мақсаты — Қазақстанның жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігін зерттеу,
геологиялық өткен
дәуірлер мен қазіргі кезеңдегі түрлердің өзгеруі мен даму динамикасын талқылау. Бұл іс-шара
Қазақстанның
экологиялық жағдайы мен биоалуантүрлілігін сақтау мәселелерін талқылауға бағытталды.
17.09.2023 ж. Бағдарламалық мақсатты қаржыландыру аясында IRN BR28713619 «Палеонтология,
зоология,
археология
және археография қор жинақтарының пәнаралық зерттеу және жаңа материалдармен толықтырылуы
(«Ғылым ордасы»
музейлері негізінде)» бағдарламасының тақырыбына сәйкес ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында баяндамашылар өз баяндамаларын ұсынды, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен көрме
ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты — палеонтология, зоология, археология және археография салаларындағы
қор
жинақтарының
пәнаралық зерттеу нәтижелерін және жаңа материалдармен толықтыруды талқылау болды.