Музейде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірнеше дәріс өткізілді, олардың тақырыптары:
«Палеозоология және биоалуандылық»
«Қазақ жерінің ежелгі жануарлары»
«Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлары»
«Қазақстандағы жәндіктердің биоалуантүрлілігі»
«Жәндіктер — жердегі бунақденелілер»
«Жануарлар дүниесінде және адамның шаруашылығында омыртқасыздардың рөлі»
Бұл дәрістерді Табиғат музейінің меңгерушісі, ғалым Гульжан Шайзатқызы Назымбетова оқыды. Студенттер дәріс барысында палеозоология мен биоалуандылық туралы теориялық мәліметтермен танысып, музейдің бірегей экспозициялық материалдарын зерттеп, танысты.
Дәріс студенттер үшін ерекше тәжірибе болды, себебі олар табиғаттың түрлі кезеңдеріндегі өмірді зерттеу арқылы экология және биология пәндері бойынша білімдерін тереңдетті. Сонымен қатар, бұл дәрістер студенттердің болашақ кәсіби қызметінде қажетті экологиялық және биологиялық тақырыптар бойынша құнды білім мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті. Музейдің мұндай іс-шаралары студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға көмектеседі.