Табиғат музейі жыл сайын көшпелі көрмелер ұйымдастырып, елдің түрлі аймақтарында табиғаттың байлығы мен биоәртүрлілігін таныстырады. Бұл көрмелердің мақсаты — халықты қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты сақтаудың маңыздылығына назар аударту, сондай-ақ музейдің зоологиялық коллекцияларымен таныстыру. Көшпелі көрмелер балалар мен ересектерге табиғат әлемін тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, экологиялық білімді кеңінен таратуға бағытталған.
Табиғат музейі көшпелі көрмесі музей қорынан "Құстар әлемі" көрмесі «Апорт» сауда ойын-сауық моллында 2020 жылдың қараша-желтоқан айында өтті. Бұл көрме көрермендірдің ыстық ықыласына бөленді.
"Құстар әлемі" көрмесі «Апорт» сауда ойын-сауық моллында
«Халықаралық құстар күні» көрмесі
2022 жыл 1 сәуірде жыл сайын бүкіл планетада Халықаралық құстар күні – экологиялық мерекесі атап өтетінін ескерген Табиғат музейі қанатты достарымызға арналған «Қазақстан құстарының алуан түрлілігі» көрмесін өткізді.