Ғылым ордасы
Музейлер

Табиғат музейінің тарихы

ХХ ғасыр — Қазақстанның зоологиялық ғылымы үшін өркендеу кезеңі болды: ғылыми ізденістер мен ашулар дәуірі. Оның басында фундаменталды зоологиялық зерттеулердің негізі қаланды.

Қазақстанда өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап алпысыншы жылдардың басына дейін жинақталған ғылыми палеонтологиялық материалдар Зоология институтының жанынан Қазақстан Табиғат музейін құру идеясының пайда болуына негіз болды. Зоология институты ғалымдарының пікірінше, Қазақстанның жануарлар дүниесі ежелгі және қазіргі омыртқалы мен омыртқасыз жануарлардың биологиялық алуантүрлілігі арқылы көрсетілуі тиіс болатын. Бұл материалдарды институт ғалымдары 1950–60 жылдары далалық экспедициялар барысында жинап, зерттеген.

Аталған ұсыныс Зоология институтының Ғылыми кеңесінде талқыланып, оның мүшелері тарапынан белсенді қолдау тапты. Олар Қазақстан жануарлар дүниесіне қатысты жиналған материалдарды тек қор қоймаларында сақтау емес, олардың ең үздік үлгілерін болашақ Табиғат музейінің экспозицияларында көпшілік назарына ұсыну жөнінде шешім қабылдады. Осы бастамамен Қазақ КСР Ғылым академиясы Зоология институтының ғалымдары  Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, КСРО ҒА академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың алдына шығып, бұл ұсынысты жеткізді. Академик Сәтбаев бұл идеяны қызу қолдап, қолдау көрсетті.

Осылайша, 1957 жылдан бастап Қазақ КСР ҒА Президиумының шешімі негізінде Ғылым академиясы жанынан Табиғат музейінің экспозицияларын құру жұмыстары басталды.


Возврат к списку