Ғылым ордасы
Институт туралы жаңалықтар мен БАҚ

Gylym Fablab командалары VEX V5 робототехникасынан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
Ғылым ордасы
Новости
Алматы қаласы – QSI Almaty International School базасында 2025–2026 жылғы маусымның VEX V5 бағыты бойынша Kazakhstan National Championship ұлттық чемпионаты аяқталды. Аталған додада Gylym Fablab орталығының намысын қорғаған 2448U Aqqu, 2448G Zhargyn және 2448W Samuryq командалары жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Gylym Fablab құрамасы турнир чемпионы атанып, АҚШ-та өтетін VEX Worlds 2025–2026 әлем чемпионатына жолдама алды. Айта кетейік, әлемдік додада 2000-нан астам үздік команда бақ сынайды.

Командалар келесі номинациялар бойынша үздік деп танылды:

2448G Zhargyn командасы:
Tournament Champions (Турнир чемпиондары)
High School Excellence Award (Жоғары мектеп деңгейіндегі ең үздік команда марапаты)
2448W Samuryq командасы:

Tournament Champions (Турнир чемпиондары)
Robot Skills Champion (Роботтардың техникалық мүмкіндіктері бойынша чемпион)
Build Award (Конструкциялау саласындағы үздік шешім үшін марапат)

Бұл жетістіктер отандық инженерлік мектептің бәсекеге қабілеттілігін және оқушылардың терең академиялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын айқындайды. Орталықтың мақсаты — алдағы әлемдік кезеңде Қазақстан туын биіктен көрсету.

photo_2026-03-30 23.11.21.jpeg  photo_2026-03-30 23.11.22.jpeg

Возврат к списку