Ғылым ордасы
Музейлер
Фильтр
  

«Жабайы табиғатты қорғау мақсатындағы ынтымақтастық» оқу семинар
2023 жылы Табиғат музейінде музей меңгерушісі Назымбетова Гульжан Шайзатқызының жетекшілігімен және ғылыми қызметкерелер Дүниежүзілік жабайы табиғатты, сирек және жойылу алдындағы флора мен фаунаны қорғаудың маңыздылығын насихаттау мақсатында «Жабайы табиғатты қорғау мақсатындағы ынтымақтастық» тақырыбында оқу-семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар жұмысына «Ғылым ордасы» музей қызметкерлері, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы Махамбетов М.Ж., ҚР ҒЖБМ ҒК Зоология институтының ғылыми қызметкерлері Абдикеримов Ж.Д., Балатаев А.О., Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агробиология факультетінің оқытушылары Абубакиров Н.П., Сәйкенов Б.Р., Муратова А., Шибекеева А.М., Жолдасбек Г., Куандыкова Э.М., Сагидолдина Ж.Е., Муташева Г.С., сондай-ақ экология мамандығы бойынша білім алып жүрген 3 курс студенттері және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми биология мамандығы бойынша білім алып жүрген 3 курс студенттері қатысты.

Музейде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірнеше дәріс өткізілді

2017 жылдың соңы мен 2025 жылдың аяғына дейін Табиғат музейінде реставратор Ж.А. Акынов жұмыс істеді.

2017 жылдың соңы мен 2025 жылдың аяғына дейін Табиғат музейінде реставратор Ж.А. Акынов жұмыс істеді. Оның кәсіби еңбегінің арқасында музейдің зоологиялық және палеонтологиялық экспозициялары белсенді түрде толықтырыла бастады.

Акыновтың реставрациялық жұмыстарының нәтижесінде музейдің қорлары мен экспонаттары жаңартырылып, көшірмелер жасалды, бұл келушілерге табиғаттың әртүрлі кезеңдеріндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер туралы терең түсінік алуға мүмкіндік берді. Оның еңбегі музейдің ғылыми және мәдени құндылығын арттырып, музейдің экспозицияларын жаңарту арқылы олардың сақтау сапасын да жақсартты.

2021 жылдың 29 қыркүйегінде Табиғат музейінің коллекциясы жаңа экспонатпен толықтырылды

2021 жылдың 29 қыркүйегінде Табиғат музейінің коллекциясы жаңа экспонатпен толықтырылды — «ССГПО» АҚ Качарский карьерінің оңтүстік беткейін өңдеу барысында табылған тасқа айналған көне секвоия діңі. Бұл ерекше табылған экспонат музейдің геологиялық коллекциясын байыта отырып, аймақтың тарихы мен табиғи өзгерістерін зерттеуде маңызды рөл атқарады.

  Музей меңгерушісі Гульжан Шайзатқызы Назымбетова және қызметкер А.Балатаев 2021 жылдың 4 қазанында тасқа айналған діңді музейге жеткізіп, ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл көне секвоия діңі музейдің келушілеріне жер бетінің алуан түрлі экологиялық жүйелерінің қалай өзгергенін, уақыт өте келе табиғаттың қалай эволюцияланғанын көрсету үшін үлкен маңызға ие.


Новости 9 - 12 из 43
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец