Бүгінгі таңда музей ғылыми зерттеу жұмыстары бағытында Қазақстан ғылымының тарихы бойынша
зерттеулер жүргізуде; ғалымдармен, ғылыми зерттеу институттарымен бірлесе отырып экспонаттардың
мәдени-тарихи және көркемдік құндылықтарын анықтап, ғылыми айналымға енгізуде; Қазақстан, алыс
және жақын шет елдердің музей, кітапхана, архив және т.б. мекемелеріне ғылыми және іздеу
іс-сапарларын ұйымдастыруда.
Экспозициялық-көрме жұмыстары саласында музей Қазақстан ғылымының
қалыптасуы, дамуы туралы көпшілік арасында ғылыми-ағартушылық жұмыстарын жүргізуде;
экспозициялар мен көрмелер ұйымдастыруда. Мәдени-ағартушылық жұмыс саласында орта және кәсіби
білім беру орындарының оқушылары, студенттер, ғылыми қызметкерлер, музей қызметкерлері және
Қазақстан ғылымының даму тарихына қызығушылық танытатын келушілер үшін экскурсиялар, іс-шаралар
ұйымдастыруда; отандық ғылым саласы өкілдерімен кездесулер, айтулы мерейтойлар қарсаңында
жылжымалы көрмелер ұйымдастыруда; жолсілтеушілер, музей экспонаттары мен экспозицияның каталогы,
буклеттер, библиографиялық анықтама, аннотация, мақалалар мен ғылыми жарияланымдар дайындауда.
Музейдің қор жүмысы саласы бойынша музей қорына тиісті экспонаттарды жинақтау, жабдықтау
жұмыстарын жүргізуде; негізгі және қосалқы қордың сақталуына қажетті жағдай жасауда; қор
есептерін жүргізуде; музей заттары мен экспонаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті
іс-шаралар жүргізуде; музей қорлары туралы электронды база дайындауда.